Онкологиямен күресу кезіндегі инновациялық көмек

Маман арнайы диеталық емдік тағам өнімі болып табылатын Nutridrink Compact Protein ұсынған адамдарға арналған ақпарат. Қарсы көрсетілімдері бар.
Қолданар алдында маманмен кеңесу қажет. Nutridrink Compact Protein ересек адамдарға (18 жастан асқан) арналған.

АЛИЯ СУЛТАНОВА

АЛИЯ СУЛТАНОВА

Шұғыл байланыс сарапшысы

Тегін шұғыл
байланыс телефоны

327-28-82 (Алматы қ. бойынша)

Қазақстан аумағы бойынша қалалық және ұялы телефон нөмірлеріне қоңырау шалу тегін.

Жұмыс күндері

Сенбі

9.00-ден 18.00-ге дейін

9.00-ден 15.00-ге дейін

Салқындататын <br> жеміс-жидек Салқындататын
жеміс-жидек
Банан Банан
Ваниль Ваниль
Құлпынай Құлпынай
Кофе Кофе
Бейтарап Бейтарап
Шабдалы-манго Шабдалы-манго

Өнімнің
сипаттамасы

Сұйық, пайдалануға дайын, құрамында ақуызы көп, жоғары калориялы қоспа. Тамақтану жеткіліксіздігі немесе оның даму қаупі бар ересек пациенттерге арналған.

Жасы, мөлшері: 18 жастан жоғары, 125 мл.

Құрамы

Терапевтік
бағыттар

  • Онкология
  • Оңалту
NUTRIDRINK КЕЛЕСІ ЖАҒДАЙЛАРДА
ҚОЛДАНЫЛУЫ МҮМКІН
  • Емдеу және оңалту кезеңінде онкологиялық аурулар кезінде (ота алдындағы дайындық, отадан кейінгі оңалту, химиялық немесе сәулелік терапия курстары кезінде және олардың арасында), сондай-ақ ісікке қарсы терапия аясында дәм сезуінде өзгеріс бар пациенттер.
  • Анорексияға және сонымен қатар жүретін бұзылуларға шалдыққан пациенттер, оның ішінде зат алмасу күйзелісі салдарынан тәбеттің төмендеуі, мысалы, жарақат, күйік.
  • Неврологиялық аурулар немесе инсульт, бас жарақаты сияқты жағдайлар; ақыл-ой кемістігі, физикалық ақаулар; психиатриялық бұзылулар, мысалы, жүйке-психикалық анорексия; жас ерекшеліктеріне байланысты пациенттер; кәрілік, деменция.
  • Генезі әртүрлі кахексия.
  • Гепатит; АИТВ.
  • Жақ-бет жарақаттарын қоса алғанда, асқазан-ішек жолының механикалық және физиологиялық бұзылулары; бас және мойын ісіктері; жұту қызметінің бұзылуы; асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлігінің ішінара обструкциясы, мысалы, өңештің тарылуы; асқазан-ішек жолының ішінара немесе созылмалы обструкциясы; асқазан-ішек жолының зат алмасу бұзылыстары, мысалы, панкреатит, ішектің қабынуы; сәулелік және химиотерапиядан туындаған энтерит; фистулалар.
  • Эндоскопияға және ішектің басқа зерттеулеріне дайындық кезінде (колоноскопия).
  • Қажеттілігі жоғары пациенттер, мысалы, муковисцидоз кезінде.
ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ
  • 18 жасқа дейін.
  • Ішек өтімсіздігі, асқазан-ішек жолының перфорациясы, ішек ишемиясы салдарынан асқазан-ішек жолының айқын дисфункциясы.
  • Қоспаның кез келген компонентінің жеке адамға жақпауы.
ӨНДІРІЛГЕН ЖӘНЕ ҚАПТАЛҒАН
  • N.V. Nutricia, Eerste Stationsstraat 186 2712 HM Zoetermeer, Нидерланды.
  • Жарамдылық мерзімі: 12 ай.
НЕГІЗГІ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
  • Аз мөлшерде ақуыздың жоғары мөлшері бар: 125 мл-де 18 г.
  • Жоғары энергия мөлшері: 125 мл-де 300/306 ккал (Ваниль, құлпынай, кофе, банан және шабдалы-манго дәмдері үшін 300 ккал. Салқындатылған жеміс-жидек, бейтарап дәм үшін 306 ккал).
  • Дәмдердің ерекше сезім палитрасы.
  • Оңтайлы мөлшер және Омега-3 пен Омега-6 ПҚМҚ қатынасы.
  • Антиоксидантты және иммуномодуляциялық әсерді қамтамасыз ететін B,C,E дәрумендер тобының және микроэлементтердің (селен, хром, мыс) жоғары мөлшері*.
  • Құрамында лактозаның ең аз мөлшері бар:
    0,3 г/100 мл.
  • Құрамында глютен және тағамдық талшықтар жоқ.
  • Құрамы толыққанды теңдестірілген, оңай сіңірілетін тағам.
  • * Нутриция компаниясы өнімдерінің арасында.
ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН
ҰСЫНЫСТАР
  • Қосымша тамақтандыру көзі ретінде пайдаланылуы мүмкін.
  • Тек ауыз арқылы, 20-30 минут ішінде аз мөлшермен ішу керек.
  • Организм гидратациясының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету үшін сұйықтық қабылдауды бақылау керек.
  • Егер дәрігер өзгеше белгілемесе, күніне 1-2 бөтелке.
  • Мөлшері ақуыз бен энергияның қажеттілігіне байланысты есептеледі.
  • Клиникалық маңызды әсер кемінде 14 күн қабылдаған кезде пайда болады. Қолдану ұзақтығы шектелмеген.
  • 5-25 °С температурада құрғақ жерде сақтау керек. Ашылған бөтелкені жабық күйінде тоңазытқышта 24 сағаттан артық сақтауға болмайды.

Пайдалы ақпарат

Онкологиялық ауруларға шалдыққан пациенттер үшін емдік тағам неге маңызды?
  • Онкологиялық аурудың өзі агрессиялық терапиямен бірге организмнің әлсіреуіне, иммунитеттің төмендеуіне және салмақтың төмендеуіне әкеледі.
  • Онкологиялық аурумен ауыратын науқастардың 80%-ға жуығы нутритивті жеткіліксіздікке тап болады. *
  • Пациенттердің 20%-ында кахексия өлімнің тікелей себебі болып табылады. **
  • Тамақтанудың бұзылуы химиялық және сәулелік терапия схемасының өзгеруіне, емдеу нәтижелеріне әсер етуі, өмір сүру сапасын төмендетуі мүмкін.
  • *Kang WX., et al. Effects of nutritional intervention in head and neck cancer patients undergoing radiotherapy: A prospective randomized clinical trial. Molecular and Clinical Oncology 5: 279-282, 2016
    **Porporato PE. Understanding cachexia as a canser metabolism syndrome. Oncogenesis (2016), 1-10.
Онкологиялық аурулар кезіндегі ақуыздың рөлі:
  • Ақуыздар организмнің барлық жасушалары мен тіндерінің өміршеңдігі мен белсенділігін қамтамасыз етеді.* **
  • Ісік тіні зат алмасуды бұзатын заттар өндіреді. Онкологиялық ауруларға шалдыққан науқаста ақуызға деген қажеттілік шамамен 2 есе жоғары.* ** Бұл қажеттілікті үй тағамымен толтыру әрдайым мүмкін емес.
  • Мұндай жағдайда мамандар пациенттерді емдеудің ажырамас компоненті ретінде арнайы тағам қолдануды ұсынады.
  • * Arends J. et al. ESPEN guidelines on nutritional in cancer patients. Clinical Nutrition 36 (2017)
    ** Клиникалық тамақтану жөніндегі нұсқаулық/ проф. В.М. Луфттың редакциялығымен. СПб, "Арт-Экспресс", 2016.
Арнайы тағам және оның артықшылықтары
  • Нутрициялық қолдау – бұл қалыпты табиғи тамақтану мүмкіндігі жоқ пациенттің организмін құрғақ немесе сұйық, пайдалануға дайын нәрлі қоспалар арқылы барлық қажетті нәрлі заттармен қамтамасыз ету процесі.*

Сипингтік тамақтандырудың артықшылықтары:

  • Ақуыз бен энергия мөлшері жоғары.
  • Мөлшері аз – жүрек айну мен анорексия кезінде ішу оңай болады.
  • Зарарсыздандырылған – тамақтануға байланысты жұқпалы асқынулардың дамуының алдын алу.
  • Пациенттердегі дәм өзгерісін ескере отырып әзірленген ерекше дәмдер. Жақсы жағады.
  • * В.М. Луфт. Клиникалық тамақтандыру жөніндегі нұсқаулық, 2016
Онкология кезінде салмақтың төмендеуіне әкелетін зат алмасу өзгерістері
  • Онкопациенттерде энергия шығыны жиі кездеседі, сондай-ақ гиподан гиперметаболизмге дейінгі зат алмасу белсенділігінің кең ауқымы байқалады. Өйткені метаболизм тек өндіріс қана емес, сонымен бірге энергия шығыны.
  • Егер онкологиялық науқаста гиперметаболизм болса, онда теріс энергия теңгерімі пайда болады. Бұл алынған энергия мөлшері тұтынылатын энергия деңгейінен әлдеқайда төмен болатын жағдай. Егер сіз жұмсағаннан аз калория жесеңіз, онда салмағыңыз төмендейді. Демалу кезіндегі энергия шығыны ісік түріне байланысты. Мысалы, асқазан мен тоқ ішек қатерлі ісігі бар науқастарда демалу кезінде энергия шығыны қалыпты болады, ал ұйқы безі мен өкпе қатерлі ісігі бар науқастарда демалу кезінде энергия шығыны жоғары болады.
  • Глюкоза тотығуының жоғарылауы, ақуыз алмасуының өзгеруі және липолиз (майлардың ыдырауы) — онкологиялық науқастарда жиі кездесетін метаболикалық бұзылулар. Онкопаценттер глюкоза алмасуының өзгеруіне байланысты энергияны көп мөлшерде тұтынуды қажет етеді.
  • Oncotarget, Anju Gangadharan, Sung Eun Choi, Ahmed Hassan, статья «Protein calorie malnutrition, nutritional intervention and personalized cancer care» https://www.oncotarget.com/article/15103/text/, раздел Metabolic alterations, дата обращения 19.10.2020, https://prnt.sc/v2sglb
Салмақты сақтау сәулелік және химиотерапияны оңай өткізуге көмектеседі
  • Онкологиялық аурумен ауыратын адам организміне қосымша энергия мен қоректік заттар қажет, олар ақуыз, май, көмірсу, дәрумендер мен минералдар. Бұл аурумен күресу үшін қажет.
  • Онкопациентте тез дамып келе жатқан ісік тамақпен бірге келетін барлық ақуыз бен энергияны сіңіреді. Өсу үшін ісік өзінің тіндерін, ең алдымен бұлшықеттерін және организмнің энергия ресурстарын пайдаланады. Осының салдарынан онкологиялық ауруларда дене салмағының тез төмендеуі орын алады.
  • Ісікке қарсы ем жүргізудегі жетістік пациенттің бастапқы жағдайына тікелей байланысты. Бұл жағдайда жүдеулік маңызды қауіп факторларының бірі, сондай-ақ ауыр асқыну болып табылады.
  • Салмақтың төмендеуі агрессивті емдеу әдістеріне байланысты (шұғыл араласу, химиялық және сәулелік терапия). Терапияның жанама әсерлеріне байланысты (жүрек айну, құсу, тәбеттің болмауы, дәмнің өзгеруі, ауыздың шырышты қабығының қабынуы және т.б.) қажетті мөлшерде тамақ ішу пациент үшін қиын сынақ болады.
  • Жеткіліксіз тамақтану, салмақтың төмендеуі, ісікке қарсы емдеудің агрессивтілігі иммунитеттің айтарлықтай төмендеуіне әкеледі. Сонымен қатар бұл оңалту уақытын арттырады және емдеу нәтижелеріне теріс әсер етуі мүмкін.
  • Химиотерапияның қажетті мөлшері науқастың салмағы мен бойының көрсеткіштеріне байланысты анықталады. Салмақтың төмендеуі химиотерапиялық препараттың мөлшерін азайтуға, емдеуді кешіктіруге немесе тіпті, терапияны тоқтатуға әкелуі мүмкін екенін білу маңызды.
  • В.М. Луфт, А.В. Луфт, "Онкологиялық науқастарға нутрициялық қолдау көрсету", Қарқынды терапия хабаршысы, 2008 ж., №2, Нутритивті қолдау.
Онкологиялық науқастардағы анемия

Анемия – онкологиялық науқастарда жиі кездесетін жанама әсер. Бұл гемоглобин деңгейі қалыптыдан төмен болған кезде пайда болады. Өздеріңіз білетіндей, гемоглобин – бұл қызыл қан денелерінде болатын темірқұрамды ақуыз, олар адам организміне оттегінің берілуіне жауап береді. Гемоглобин деңгейінің төмендеуі әртүрлі себептерге байланысты болуы мүмкін: онкологиялық аурулар немесе оны емдеу, дұрыс тамақтанбау, қан жоғалту, органдардағы ауыр проблемалар немесе тіпті, бірнеше факторлардың үйлесуі салдары.

Анемияның белгілері қандай?

  • Жүректің жиі қағуы.
  • Ентігу және тез тыныс алу.
  • Бас айналу және қатты шаршау.
  • Кеуденің ауруы.
  • Қол-аяқтың ісінуі, сондай-ақ түсінің өзгеруі.

Бір қарағанда, бұл белгілер өте ауыр болып көрінбесе де, анемия өмір сапасына әсер етуі мүмкін екенін ескерген жөн. Оттегінің жеткіліксіздігі адам өміріне өте қауіпті болуы мүмкін. Егер жүрек проблемалары болса, анемия жүректің жұмысын нашарлатуы мүмкін, өйткені бұл жүректі тезірек жұмыс істеуге мәжбүр етеді.

American Cancer Society, статья Low Red Blood Cell Counts (Anemia), https://www.cancer.org/treatment/treatments-and-side-effects/physical-side-effects/low-blood-counts/anemia.html

Қайдан сатып алуға болады

Алматы

№2 орталық дәріхана

Назарбаев даңғ., 91/97

«Ақ Жол Pharm» дәріханасы

Ақан сері көш., 17

«MedMart» дәріхана қоймасы

Қалқаман ш/а, Әшімов көш., 20

«Аптекаплюс» дәріханасы

Әуезов көш., 175

«Аскорбинка» дәріханасы

Абай даңғ., 99

Нұр-Сұлтан

«Salamat» дәріханасы

Мәңгілік ел көш., 52

«Salamat» дәріханасы

Сауран көш., 7

«Иммуно Плюс Фарм» дәріханасы

Мүсірепов көш., 4

«Salamat» дәріханасы

Абылай хан даңғ., 32